Қазақстанда дәрі-дәрмек бір жылда 21,6 пайызға қымбаттады

Қазақстанда дәрі-дәрмек бір жылда 21,6 пайызға қымбаттады

Қазақстандағы фармацевтикалық өнімдердің бағасы жалпы инфляциядан екі еседен астам жылдам өсіп жатыр. Тамыз қорытындысында дәрі-дәрмек бір айда 2,3 пайызға, ал бір жылда 21,6 пайызға қымбаттаған, деп жазады Democrat.kz.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенген есеп бойынша, тамыздағы Қазақстанның жалпы инфляциясы 9,8 пайызды құрады. Осыған қарамастан фармацевтикалық өнімдер бағасының жылдық өсімі 21,6 пайызға жеткен.

Жыл басынан бері дәрі-дәрмек бағасы орта есеппен 13,8 пайыз көтерілген.

Жекелеген препараттар одан да қатты қымбаттады. Мәселен, ацетилсалицил қышқылының бағасы бір жылда 64,7 пайызға, «Но-шпа» 56,7 пайызға, белсендірілген көмір 55 пайызға, парацетамол 50,4 пайызға өскені көрсетілген.

Бұған дейін Қазақстанда бағасы бір АЕК-тен төмен 1200-ден астам рецептілік препарат мемлекеттік баға реттеу жүйесінен шығарылған еді.

Дәрі бағасының әрі қарайғы динамикасы өндірушілердің бағасына, импортқа, логистикаға және дәріханалар арасындағы бәсекеге байланысты болады. 

Барлық жаңалықтар