"Бес баламды тастап кеттім" деген діндар әйел жұртқа жаға ұстатты

"Бес баламды тастап кеттім" деген діндар әйел жұртқа жаға ұстатты

Әлеуметтік желіде бес баласын күйеуінің үйіне тастап кеткенін айтқан діндар әйелдің әрекеті жұртты таңғалдырып, тіпті ашуын оятты деп жазады Democrat.kz.

"Күйеуге тоғыз сыныптық біліммен шықтым. Оқымадым. Бес бала таптым. Сол балаларды өсіріп, үй шаруасының барлығын атқарып, өзіме қарауға шамам болмады. 

Он бес жылымды сол тұрмыстағы күніме бердім. Ал ажырасқан кезде сол бес баламды атам мен енеме тастап кеттім. Неге? Себебі, ол балалардың әкесі бар. Әкесі бар болғандықтан, соның жанында өссін. 

Мен де бақтым ғой. Енді әкесі қарасын! Менің оқуым керек, өмір сүруім керек. Ел көріп, жер көруім керек. Ақша табуым керек", - дейді діндар әйел. 

Хиджабтағы бұл әйелдің видеосына қатысты жұрт жаға ұстап "Баласын тастаган ананы биринширет кордим орангандар осындаи совет берип жатканын в ислам дини бузылды деген осы казирги кезде бекер айтпаган орангандар дан аулак бол оларды корсен каш деп бекер айтпаиды баленин бари окипардан шыгады еще айтып жаткан созин карасаншы Алдуиллах деп аузынан акшадан баска естене шыкпаиды ещё балашаганын январьга тенеп отыр оян Казах оян не боп бара жатырмыз....", "балаға шеше керек, әке емес", "мынау не сұмдық" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар