Рамазан айының бірінші аптасынан өз елін мұсылманы көп мемлекет санайтын Түркияда халықтың ащы дауысы шығатын жағдайлар болуда. Дәмханалардағы ауызашар тамағының бағасын көрген түрік халқы мынадай қымбатшылыққа ызаланып, реніш білдіруде деп жазады Democrat.kz.
Mynet.com түрік ақпарат құралының таратқан хабарында Түркияда биылғы ораза айы халықтың наразылығына толы басталыпты.
Ауызашар үшін жасалатын тамақ жиынтығының бағасын көрген мұсылман қауымы билікке наразылық білдіріп, шу шығаруда.
Бір адамның ауызашар тамағының жиынтығы теңгеге шаққанда, 25-35 мың теңгеден басталады. Мынадай қымбат ас мәзірінің тізімін көрген мұсылман қауым удай қымбатшылыққа қатысты билікті кінәлап, ашуланып жатыр.
