Алматыда "Метро", Small, Toimart және өзге де ірі сауда желілері бағаны негізсіз көтергені үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, - деп жазады Democrat.kz. Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Small, JLC, Galmart, Toimart, My Mart сауда желісі, А-стор, Беккер, Carefood, Food Beverage Trading ЖШС, Airba Fresh ЖШС, Good Luck Trade ЖШС, Mix Market Trade ЖШС және басқа да нысандарға қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 420-дан аса кәсіпкерлік әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Мәселен "Метро" ірі сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына 15% сауда үстемесін қосқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. "Метро Кэш энд Керри" ЖШС департамент шығарған осы әкімшілік шешімге сот инстанцияларында шағымданған, бірақ нәтиже болмаған. Өйткені департаменттің әрекеттері заңды болған.