Әлеуметтік желілерде блогердің қатысуымен түсірілген видеолар кеңінен таралып жатыр. Онда бойжеткен әкесінің бала кезінде өзіне қатысты жыныстық сипаттағы заңға қайшы әрекеттер жасағанын айтқан еді. Осыған қатысты полиция тексеру жұмыстарын бастады деп жазады Democrat.kz.
Тікелей эфир кезінде ол балағат сөздер қолданып, қоғамға жат қылық көрсеткен.
Осы жайтқа байланысты полиция тексеру жұмыстарын бастап, туыстарынан түсініктеме алып, жарияланған материалдарды жан-жақты зерттеген.
Қыздың ата-анасының сөзінше, бейнежазбаларда айтылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ олар қыздарымен ұзақ уақыттан бері байланыс орнатпағандарын жеткізген.
Қазіргі уақытта тараптардың барлық уәждері мұқият тексерілуде. Бұдан бөлек, ата-анасының шағымы негізінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Сондай-ақ бойжеткен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі.Полиция мұндай әрекеттердің заң аясында жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Шындыққа сәйкес келмейтін кез келген мәлімет құқықтық тұрғыдан бағаланып, ол үшін әкімшілік және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Еске салып өтейік, блогер Жұлдызай Жауынбаеваның тікелей эфирде өзін әкесі зорлағанын, ол туралы Арқалықтың көп адамы білетінін, тіпті мұғалімдерінің де хабары барын айтқанын бірінші болып Democrat.kz.сайты хабарлаған болатын.