Дана Нұржігіт бүгінге дейін архивте сақтаған ерекше дүниесін жариялады

Дана Нұржігіт бүгінге дейін архивте сақтаған ерекше дүниесін жариялады

Танымал журналист Дана Нұржігіт бүгінгі күнге дейін еш жерде жарияламаған ерекше сұхбатын YouTube арнасына шығарғанын айтып, мұның оңай болмағанын жеткізді деп жазады Democrat.kz.

"Бұл подкаст менің архивімде бір жыл жатты. Бата алмай, кейінге қалдырдым, себебі бұл — менің өмірімдегі ең шынайы, ең қиын әңгіме: анаммен болған диалогым.

Сізде де солай ма? Біз сырттай мықтымыз, кәсіби маманбыз, жүздеген адамға жол көрсетеміз. Бірақ анамыздың алдына келгенде — кішкентай, қорғансыз балаға айналамыз. Неге ең жақын адамға жүрегімізді аша алмаймыз? Неге маңызды сөздер айтылмай қалады?

Бір жыл бойы іштей пісіп, бүгін жарыққа шыққан подкастта біз:
• Ана мен бала арасындағы «көрінбейтін қабырғаны» қалай бұзамыз?
• Өткен күннің өкпесін кешірімге қалай айналдырамыз?
• Анамызды тек «ана» емес, тағдыры бар «әйел» ретінде тану неге маңызды?
• Есейгенде анамыздың батасын алудың нағыз құдіреті неде?

Мен бұл видеоны жариялап өз «әлемімді» аштым. Бұл — сіздің де анаңызға барар жолыңыздың бастауы болсын. Уақыт барда, мүмкіндік барда айтыңыз: «Мен сізді жақсы көремін».

Сұхбаттың толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыздар", деп жазды Дана Нұржігіт. 

Барлық жаңалықтар