Ел ішінде "супер тамада" атанып кеткен Сабыржан асабаның тойдағы бір видеосы діншіл қауымның ашуына тиді деп жазады Democrat.kz.
Сабыржан тамада кезекті бір тойда ылғи хиджабқа оранған әйелдердің ортасында тербеле жүріп "жәннатта хор қыздарының арасында жүргендеймін" деп тойшыл қауымды күлкіге қарық қылды.
Әйтсе де, тамаданың бұл әрекетін кей діншіл кісілер қатты сынап, реніш білдіруде.
"Дінді бұлай күлкі еткен адам діннен шығып кетеді", "сені аллаһ кешірсін", "артық күлкі арсыздықтың белгісі, білімсіздік бұл" деп пікір жазып жатқан кісі аз емес. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)