Алматының арбатында сұмдық жағдай болды. Бұл туралы қала тұрғыны Венера Сәбит есімді желі қолданушысы жазба қалдырды, деп жазады Democrat.kz.
Оқиға 21 қараша күні кешкі сағат 19.50-де болған. Венера бала-шағасымен кешкі музыканттардың өнерін тамашалап тұрған кезде көз алдында ер адамның оғаш әрекетін аңғарған.
«Арбатта, ЦУМ маңында балаларым музыканттарды қарап тұрған. Сол кезде бір ер адам 2 жасар қызыма қарап тұрып, қолымен мүшесін қоздырып жатқанын көрдім. Бұл соншалықты жиіркенішті болды. Бір сәтке не айтарымды білмей қалдым. Денем дір етіп, қорқыныш пен ашу қатар келді. Тек коляскамен итеріп жіберіп, жақын тұрған полиция бекетіне жүгірдім. Бірақ пост бос тұр екен. Жарығы жанып тұр, ал ішінде бірде-бір полицей жоқ. Телефон соқтым, бірақ тек 40 минуттан кейін ғана учаскелік келді», — дейді Венера.