Бұрынғы депутат, қазіргі жалғызбасты ана Ынташ Наурызова әлеуметтік желі арқылы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
Өз жазбасында Ынташ Наурызова бүгінгі күнге дейін әлеуметтік желіде түрлі фейк аккаунттардан өзіне қарсы пікір жазатындардың саны артпаса, азаймай отырғанын айтады.
Сонымен қатар Ынташ Наурызованы қаралау кампаниясына жалдамалы блогерлер мен жансыз боттар жұмылдырылғанын анық байқауға болады.
Әкім Нұрдәулет Қилыбайға қатысты ақпарат жылт ете қалса, сол жерде "әкіміміз әулие"дейтін жағымпаздар мен Ынташ туралы ақпараттың астына ең лас сөздерді қарша бората жазу әдетке айналып барады.
Осыған байланысты Ынташ Наурызова облыс әкіміне және өзін қаралаушы топтарға тыныш жүрмесе, сотқа жүгінетінін айтып, тіпті халықаралық БАҚ беттерінде масқаралайтынын да мәлімдеді.
