«НеМолчи» қоры танымал экономист Олжас Құдайбергенов пен оның экс әйелі Мөлдір Қабылованың арасында болған телефондағы әңгімесінің көшірмесін интернетте жариялады деп жазады Democrat.kz.
Дыбыстық көшірме жазбада еркектің өте дөрекі, боғауыз сөздермен әйелін балағаттап, діңкілдеп сөйлеп жатқанын аңғаруға болады.
"Бұл Олжас Құдайбергенов пен оның бұрынғы әйелінің арасындағы әңгіме" деген атпен тараған дыбыстық жазбаға қатысты жұрттың пікірі түрліше болды.
"Президентке кеңесші болған адамның сиқы осындай болса...", "мынау не деген масқара!", "әйелін сыйлауды білмейтін еркектің абыройы да болмас", "мынадай лексиконымен бұл президенттің қасында қалай жүр?" "Әуелі дұрыс түсініп алу керек, әйелі балаларын көрстпей қойған соң, ашуланып, осылай сөйлеп тұр ғой", "әйелі әдейі тұзақ құрған болуы да мүмкін" дегенге саятын пікір жазған жұрт мәселенің мәнісін түсіне алмауда.
Әлеуметтік желіде тараған бұл дыбыстық жазбаға қатысты Олжас Құдайбергенов өзінің парақшасында жазба жариялап, дыбыстық жазбаның монтаждалғанын, дыбыстық жазбаларды таратып жіберген Дина Таңсәрінің үстінен шағым түсіргенін мәлімдеді.