Танымал спортшы Елдос Сметов әйеліне, анасы мен әкесіне еркше сыйлық жасаған видеосымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Елдос сыйлықтарының біріншісін анасына берді. Шағын құтыдағы сыйлықты алған анасы Елдостың қолынан сүйді.
Келесі кезекте дәл сондай сыйлықты Елдос әкесіне ұсынды. Әкесі де разылығын білдірді.
Соңғы сыйлығын әйеліне ұсынған Елдос отбасы мүшелерінен толассыз алғыс алды.
Елдостың бұл сыйлығы соңғы шыққан Iphone смартфоны екен. Оқырмандары спортшының әрекетіне сүйсініп, алғыс білдіруде.