"Еркек еркекті зорлап...айуан жағдайға түсті" деген Ақжүніс өзекті проблеманы сөз етті

"Еркек еркекті зорлап...айуан жағдайға түсті" деген Ақжүніс өзекті проблеманы сөз етті

Қоғам белсендісі, танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы қазіргі әскердегі сорақы жағдайларға қатысты өткір пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Сәуле Әбілдаханқызы: "35 жылда қазақ әскери саласының соншалықты деңгейде құлдырап, еркек еркекті зорлап, қазақ қазақты өлтіріп, әскерге кеткен ұлдардың табытпен немесе мүгедек, жарымжан, рухы сынған, "не мясо, не рыба" болып оралғандарын жиі көріп, ішім ашып, жүрегім ауырып, бұның себебін көп ойладым...

Неге олай? Әскер деген, керісінше, бозбаланы шыңдап, жетілдіріп, азаматтыққа (джентельмендікке) тәрбиелеп, мықты, рухты отан қорғаушы етіп шығаруы тиіс емес пе? Неге осыншалықты сұмдық мекемеге айналды?

 "Әскерге бармағандарға әскери билет берілмейді, әскери билеті жоқтар оқуға түсе алмайды, жұмысқа тұра алмайды" деп бір заң шығарды... нәтижесінде пара беріп әскерге бару көбейді... өйтпесе әрнәрсені сылтауратып әскерге алмай қойды... Естеріңізде шығар?...

Одан кейін әскери билет ешқандай құнсыз қағазға айналды... әскерде болдың ба, болмадың ба - болашақ өміріңе, мамандық таңдауыңа әскери билеттің ешқандай әсері жоқ... әскери билеттің артықшылығы жойылды... Нәтижесінде бозбалалар, жігіттер әскерге қызықпады, бармауға тырысты, бармау үшін пара беретін заман болды... 

Қазір естіп-көріп жүргеніміз - әскерге зорлап әкететін, көшеден ұстап әкететін бір заңдар шықты... ол оқушы ма, студент пе, ауру ма, сау ма - шаруасы жоқ, әй-шай жоқ, адам ұрлаумен пара-пар қылмыс жасап, көлікке басып салып алып кетеді де, военкоматқа апарып, шашын тақырлап, әскери бөлімнен бір-ақ шығарады... 

Әскер деген - ер азаматтардың қалыптасуы мен тәрбие мектебі ғана емес... Әскер деген - мемлекет қуатының басты көрсеткіші емес пе?

Әскер деген - мемлекет дамуының бір көрсеткіші емес пе? Әскер деген - мемлекет тыныштығының, ел тәуелсіздігінің қорғаны емес пе? 

Әскерге "контрактник" болып 1 жылға барады... офицерлердің немесе небір тәрбие көрмеген тексіздердің "кассасы" болып, сұраған сәтінде ақшамен, единицамен қамтамасыз ететін "спонсорына" айналады... ақша бермесе, бір ауыз қарсылық көрсетсе, таяқ жеп, не өлігі келеді, не мүгедек боп келеді... тіпті, ең сорақысы, хайуандар жас балаларды "қызтеке", "көгілдірге" айналдырады.... 

Неге бұлай? Бұндай қасиетсіздікке кімдер жол береді? Неге?? Неге??? Ел мен жерді, Отанды қорғайтын "әскер" деген қасиетті ұғым, Атилла мен Шыңғыс хан, Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбайлардың ұрпағы Неге осыншама азғындап кетті??? Неге осыншалықты хайуандық деңгейге түсті???

Осыны ойласам, ұйқым қашады... басым ауырып кетеді... жүрегім қан жылайды... 

Қазақ әскерінің әлсіз, сорлы, рухсыз болуы кімге керек? Осы сұраққа көп ойланып, бұның тереңінде жасырынған бір-ақ жауапты таптым: қазақ әскерінің сорлы болғаны, бір-бірін қырғаны, робот сияқты рухсыз болғаны үш дұшпанымызға керек: мәңгүрт билікке, ырфыға, қытайға... оларға салса, тіпті, қазақта атом бомбасы ғана емес, мықты әскер де болмағаны керек... ар жағын өздеріңіз ойлаңыздар... астарына терең бойласаңыздар талай нәрсе түсінікті болады...

Үкімет қазақ әскеріндегі тәртіпті қолға алып, дұрыс заңдар шығармаса, қылмыскерлерді қатаң жауапқа тартпаса, тарихты бес саусағындай білетін сауатты, морально асқақ, ар-ұжданы биік офицерлер мен мықты, рухты, патриот әскерді қалыптастырмаса, онда жағдай өте мүшкіл..." Деп жазды. 

Барлық жаңалықтар