"Етекірім келгенде шешем сабап тастады" деген блогер Нати тағы бір сұмдықты айтты

"Етекірім келгенде шешем сабап тастады" деген блогер Нати тағы бір сұмдықты айтты

Отыз жылдан астам уақыт бойы өзін зорлаған бір топ жігіттің иттігі мен жаны мен тәнін жаралаған ауыр жарасымен жылдарын өткізген Наташа Қалымбетова журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында тағы бір сұмдықты айтты деп жазады Democrat.kz.

Наташа Қалымбетова отбасындағы тәрбиеге тоқталып, анасының түсініксіз қатал тәрбиесін еске алып: "Етеккірім келгенде, әлі есімде, кілемнің шаңын қаққышпен әбден сабап ұрған еді. 

Не үшін ұрғанын әлі күнге түсінбеймін. "Білмеймін неге етеккірім келгенін" дегенімде ғана, бір уыс мақтаны бетіме лақтырып жіберді. 

Ағаларымды білемін, үйдің ішкі жағдайын да білемін. Олардың қазір мені қолдауға, "бұрын қорғай алмағанымызға кешір" деуге батылдары бармай отыр", деді. 

Еске салып өтейік, блогер Наташа Қалымбетова өзін осыдан отыз екі жыл бұрын оралдық жігіттер аусыз зорлап, "өлсін" деп өзенге лақтырып кеткенін мәлімдеп, қоғамды таяуда дүр сілкіндірген болатын. Қазіргі кезде осы мәселе бойынша іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Барлық жаңалықтар