Еуропада жасырылған ақша мен мүлікті Қазақстанға қайтару жеңілдемек

Еуропада жасырылған ақша мен мүлікті Қазақстанға қайтару жеңілдемек

Қазақстанға қылмыстық жолмен шетелге шығарылған ақша мен мүлікті Еуропадан іздеу, бұғаттау және қайтару жеңілдеуі мүмкін. Құрылтай Еуропалық өзара құқықтық көмек туралы конвенцияны ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қабылдады, деп жазады Democrat.kz.

Әңгіме 1959 жылы Страсбургте қабылданған Еуропалық өзара құқықтық көмек туралы конвенция жөнінде.

Оған қатысушы мемлекеттер қылмыстық істерді тергеу кезінде бір-біріне дәлел, куәгер, күдікті және шетелдегі мүлік туралы ақпарат алуға көмектеседі.

Қазақстан үшін құжаттың маңызды тұстарының бірі — заңсыз жолмен Еуропаға шығарылған активтерді іздеу.

Конвенцияға қосылғаннан кейін Қазақстанның құқық қорғау органдары басқа мемлекеттерге мүлікті анықтау және оған тыйым салу жөнінде сұрау жібере алады.

Алайда бір шарт бар.

Мүлікті іздеу немесе бұғаттау туралы өтініш орындалуы үшін әрекет Қазақстанда да, сұрау жіберілген мемлекетте де қылмыс деп танылуға тиіс.

Сот қарауындағы істер бойынша халықаралық сұрауларды Жоғарғы сот жүргізеді.

Басқа қылмыстық істер бойынша бұл міндет Бас прокуратураға жүктеледі.

Барлық жаңалықтар