"Басқа әйелден қызы бар": Танымал актерларға қатысты жаға ұстатар жағдай жұртты таңғалдырды

"Басқа әйелден қызы бар": Танымал актерларға қатысты жаға ұстатар жағдай жұртты таңғалдырды

Әлеуметтік желіде актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың махаббат хикаясы туралы жазба қызу талқыланып жатыр. Жазба авторы олардың студент кезінен танысып, кейін бір театрда қызмет етіп, шаңырақ көтергенін айтады. Бүгінде бірге өмір сүргендеріне ондаған жыл болған өнер иелерінің отбасы оқырмандарды ерекше қызықтырды. Алайда пікір арасында Азат Сейтметовтің бұған дейінгі отбасы туралы да ақпарат айтылды, деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы Жанар Аманкелдіқызы Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың бірге түскен суретін жариялап, олардың махаббат тарихына тоқталған.

«Мына екеуінің махаббат тарихын білесіздер ме? Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова... Бір-бірін студент кезінен көріп, кейін бір театрда қызмет етіп, шаңырақ көтерген. Бүгінде бірге жүргендеріне ондаған жыл болды», – деп жазған автор.

Оның айтуынша, Данагүл Темірсұлтанованың махаббат туралы айтқан бір ауыз сөзі ерекше есте қалған:

«Махаббат деген – химия...»

Жазба авторы өнердегі жұпты жақында «Жарығым-ай» фильмінен бірге көргенін де айтыпты.

«Шынымен де, кей адамдардың арасында түсіндіре алмайтын бір байланыс болады ғой... Ал жақында екеуін “Жарығым-ай” фильмінен бірге көріп қалдым. 30 жылдан кейін де экранда қатар жүруі ерекше әсер қалдырды. Осындай махаббат хикаяларын оқығанда қазіргі жұптарға қарап: “Мүмкін, шынайы махаббат деген осы шығар?” деп ойлап қаласың...», – дейді ол.

Алайда жазбаның астындағы пікірлер әңгіменің басқа бір қырын да ашты.

Оқырмандардың бірі Азат Сейтметовтің студент кезінде басқа отбасы болғанын жазған.

«Студент кезінен Азат Сейтметовтің алғашқы махаббаты да, алғашқы жары да Камалия Байтлеуова болған. Одан бір қызы бар. Бұл кісімен кейін театрда табысқан», – деп жазды пікір иесі.

Бұл ақпарат кейбір оқырмандар үшін күтпеген жаңалық болған.

«Азат Сейтметовтің бірінші әйелі және қызы барын білмеппін. Бірінші әйелін көріп келдім, танымал актриса, өте сұлу, дикциясы ғажап! Бірақ мүлдем күтпедім бұл ақпаратты», – деп жазған тағы бір қолданушы.

Пікірлер арасында Камалия Байтлеуова мен Данагүл Темірсұлтанованың құрдас екені туралы да айтылған.

«Екеуі де бір жылдың төлдері. 1964 жылғы азаматтар. Нүкетай Мышпаева тәтемізбен бір театрда жұмыс істеген, әлі де Әуезов театрында істейді», – деген пікір қалдырылған.

Басқа оқырмандар ерлі-зайыптының жеке өміріне үңілмей, бүгінгі отбасына құрметпен қарауға шақырған.

«Әні қаза берсеңіздер, бұл жұптан да бірдеңе шығады. Осымен доғарайық! Жарасымды жұп, қызын көріп жүрміз. Бақыттары баянды болсын!» – деп жазған қолданушылардың бірі.

Осылайша Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың бірге түскен бір суреті әлеуметтік желіде өнер иелерінің ондаған жылдық отбасылық өмірінен бастап, актердің бұрынғы жеке өміріне дейінгі әңгімені қайта қозғады.

Барлық жаңалықтар