Бүгін, 7 тамызда Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары конкурсының қорытындысы жарияланды, деп жазады Democrat.kz. сайты ult.kz.-ке сілтем жасап.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің тізімді сағат 15:00-де жариялады. Талапкерлер өз нәтижесін мына тізімнен тексере алады.
Биыл негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге шамамен 233 мың талапкер қатысты. Олардың 76 пайызы шекті балл жинап, мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу құқығына ие болған.
2026 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысы бойынша 890 ереже бұзушылық анықталған.
522 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасағаны үшін тестілеуге жіберілмеген;
361 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижесі жойылған;
Бейнежазбаларды тексеру нәтижесінде тағы 7 адамның нәтижесі жойылған.
Биыл гранттардың басым бөлігі инженерлік-техникалық бағыттарға бөлінген. Министрлік мәліметінше, жаңа оқу жылында бұл салаға гранттардың жартысынан көбі қарастырылған.
Айта кетейік, 2025–2026 оқу жылына бакалавриатқа 77 мыңнан астам мемлекеттік грантбөлінді.
Ал жалпы ЖОО-ларға 2025–2026 оқу жылында 208,9 мың студент қабылданған. Бұл тек грант емес, ақылы бөлімге түскендерді де қамтиды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру гранттарының 60%-ы бүгінде елдің индустриялық және технологиялық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие инженерлік және техникалық даярлау бағыттарына бөлінді.
Өңірлерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. «Серпін» жобасы аясында екі мыңнан астам грант иегері Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алады.