Актриса Дариға Бадықова мен Олжастың көпшілікке жариялаған қуанышы әлеуметтік желіде күтпеген пікірталасқа ұласты. Бірі қос ғашыққа бақыт тілесе, енді бірі олардың бұрынғы отбасылары мен балаларының тағдырын алға тартып, қуаныштың тасасында қалған жауапкершілік туралы өткір пікірлерін білдірді, деп жазады Democrat.kz.
Танымал актриса Дариға Бадықова Threads желісіндегі парақшасында Олжаспен бірге түскен тойдағы бейнежазбасын жариялап, көпшіліктің назарын аударды.
«Халықтың тілегі қабыл болды. Біз тек келістік. Той 12.10.2026 жыл!» – деп жазды актриса.
Жарияланған бейнежазбада Дариға ақ көйлек киіп, Олжаспен бірге салтанатты кеште жүр.
Алайда актрисаның «халықтың тілегі қабыл болды» деген сөзі желі қолданушыларының арасында үлкен пікірталасқа себеп болды.
Кейбір оқырмандар екі адамның жеке өміріндегі шешімді бүкіл халықтың тілегімен байланыстыру орынсыз деп есептейді.
«Халық сені байымен ажырасып, ол қатынымен ажырасып, үйленіңдер деп тілемеген шығар, еба өздеріңе көп аласыңдар-ей», – деп жазды пікір білдірушілердің бірі.
Оған жауап берген тағы бір қолданушы халықтың бұл некеге еш қатысы жоқ екенін жеткізген.
«Қай халық ол, тілеулеріңді тілеп жүрген. Мені ол халықтың арасына қоспа құрсын. Менің дым қатысым жоқ. Біреудің тілеуін тілемек түгілі, дұрыстап ұйықтауға уақыт таппай жүрмін», – дейді ол.
Тағы бір оқырман:
«Онда ажырасыңдар халықты тыңдасаңдар», – деп қысқа қайырған.
Ал келесі пікірде:
«Екі ересек адам ғой, өздері шешті, біздің не қатысымыз бар?» – делінген.
«Халықтың тілегі емес, күдігі расталды»
Желі қолданушыларының арасында актрисаның жазбасындағы сөздерді басқаша түсіндіргендер де бар.
«Халықтың тілегі қабыл болды емес, халықтың күдігі расталды деген дұрыс-ау», – деп жазған бір оқырман.
Тағы бір пікір иесі:
«Халықтың сендерден басқа тілейтіні жоқ дейсіңдер ме?» – деп сұрақ қойған.
«Халық явно осыны тілеген жоқ енді», – деген пікір де жарияланған.
Ал кейбір қолданушылар актрисаның сөзіне мысқылмен жауап берген.
«Халықтың тілегі? Халыққа вообще бәрібір», – деп жазған желі қолданушысы.
«Бізге жаба салғаны ше?» – деп таңғалған тағы бірі.
Оқырмандардың бір бөлігі «халықтың тілегі» деген тіркесті екі адамның жеке шешіміне көпшілікті ортақтастыру әрекеті ретінде қабылдаған.
«Өз отбасына ие бола алмай, балаларын тірі жетімге айналдырған...»
Пікірталаста ең көп қозғалған мәселелердің бірі – бұрынғы отбасылар мен балалар алдындағы жауапкершілік.
Желі қолданушыларының бір бөлігі екі адамның жаңа өмір бастауынан бұрын, олардың бұрынғы некелері мен балаларының тағдырына назар аударған.
Әсіресе балалардың ата-анасының ажырасуын қалай қабылдайтыны туралы алаңдаушылық білдірілген.
«Өз отбасына ие бола алмай, балаларын тірі жетімге айналдырған адамдардан дұрыс адам шықпайды. Дені дұрыс адам ажыраспайды. Ажырасқан адам ол отбасындағы туындаған проблеманы шешудің жолын іздемей, түрлі сылтауды жамылып оңай жолды таңдап ажырасқан адам. Болашақта бұл адамға сенім жоқ уже», – деп жазды оқырмандардың бірі.
Бұл пікірге өзге қолданушылар да жауап берген.
Жазбадағы мұндай ауыр айыптаулар пікір иелерінің жеке бағасы екенін атап өткен жөн. Екі адамның бұрынғы некелерінің бұзылуына нақты не себеп болғаны және балаларымен қарым-қатынасы жөнінде ұсынылған жазбаларда толық дерек жоқ.
Дегенмен пікірталасқа қатысушылардың бір бөлігі бұрынғы отбасында қалған балалардың сезімі ескерусіз қалмауға тиіс деген ойды алға тартқан.
«Екі отбасы ойрандалсын деп тіледі ме?»
Әлеуметтік желідегі ең өткір пікірлердің бірі бұрынғы отбасылардың тағдырына қатысты жазылған.
«Халық не тіледі? Жолдасы бар әйел басқа еркекпен ойнас жасап, екі отбасы ойрандалсын деп тілеген бе?» – деп сұрайды желі қолданушысы.
Ол пікірінде Дариғаның бұрынғы жұбайы Дархан туралы да сөз қозғаған.
«Дархан – өте мәдениетті, интеллигент, артық қылықтары жоқ жігіт. Бар айыбы саған сенгені», – деп жазған.
Пікір авторы бұрынғы отбасындағы қаржылық жағдай жөнінде де болжам айтқан. Бірақ мұндай айыптаулардың дұрыстығын скриншоттар негізінде анықтау мүмкін емес.
Оның жазбасына жауап берген басқа оқырман ажырасудың себептері сырт көзге толық белгілі болмауы мүмкін екенін еске салған.
«Құр ақша үшін ажырасып кетпеген шығар, одан да бөлек себептер болған шығар, сіз нақты білмейсіз ғой. Бір жағынан сіз бұлай айтып отырғаныңыз дұрыс емес шығар, әркімнің өз өмірі, өзі шешеді дегендей», – деген ол.
Тағы бір пікір иесі адамдардың ажырасуға не себепті барғанын нақты білмей тұрып, біржақты айыптауға болмайтынын жеткізген.
«Ертең күйеуі ақша таппай қалса, тағы басқаға секіреді»
Желіде Дариға Бадықованың болашақ отбасылық өміріне күмән келтіргендер де табылған.
«Ертең күйеуі ақша таппай қалса, тағы басқаға секіреді», – деп жазды қолданушылардың бірі.
Ал тағы бір оқырман:
«Баяғы күйеуін жабылып босқа хейтить етіппіз. Содан ұялып жүрмін», – деп пікір қалдырған.
Бұл пікірлер актрисаның бұрынғы некесі төңірегінде бұған дейін болған қоғамдық талқылауларды қайта қозғады.
Дегенмен желі қолданушыларының жеке болжамдарын Дариға Бадықованың бұрынғы немесе қазіргі отбасылық өмірі туралы расталған дерек ретінде қабылдауға болмайды.
«Бір-біріне ғашық болып қалғанның бәрі ажырасып үйлене берсе не болады?»
Қоғамдық талқылауда сезім мен отбасылық жауапкершілік мәселесі де көтерілген.
«Бір-біріне ғашық боп қалғанның бәрі ажырасып үйлене берсе не болады екен?» – деп сұрады пікір иелерінің бірі.
Бұл сауалға қарсы пікір білдіргендер де болған.
«Қойыңыздаршы кезінде кинолары шыққан кезде екеуі жарасады екен, екеуі біріксе әдемі жұп болады деп айтып жүрдіңіздер ғой. Зачем енді қазір біз оны тілемеп едік, жаба салды бізге», – деп жазған қолданушы.
Оған жауап берген оқырман:
«Халықтың бір бөлігі ретінде айтайын, киноларын да көрмегем, пікірлеріңде көпшілік айтып жатқандай ізгі ниетпен ажырассын, екеуі қосылсын, құдамау керек деп ойлаймын», – деген пікір білдірген.
Осылайша бір кезде экрандағы жарасымдылығына сүйсінген көрермендердің кейбірі шынайы өмірде екі адамның қосылуын мүлде басқаша қабылдаған.
«Әркім бақытты болуға лайық»
Дариға мен Олжастың шешімін қолдағандар да бар.
Олардың пікірінше, екі ересек адамның отбасылық өміріне сырттан араласып, жеке шешімдерін талқылау орынсыз.
«Құр ақша үшін ажырасып кетпеген шығар, одан да бөлек себептер болған шығар, сіз нақты білмейсіз ғой. Бір жағынан сіз бұлай айтып отырғаныңыз дұрыс емес шығар, әркімнің өз өмірі, өзі шешеді дегендей. Әйел азаматы жайдан-жай ажыраспайды деп ойлаймын өзім. Әйел азаматы тұрмысқа шығып бақытты бола ма әлде өзі жалғыз бақытты бола ма әйтеуір бақытты болсын», – деп жазды пікір білдірушілердің бірі.
Тағы бір оқырман орыс тілінде:
«Будьте счастливы! Обычно вторые браки намного счастливее после первых неудачных», – деп тілек білдірген.
Қазақша мағынасы: «Бақытты болыңдар! Әдетте алғашқы сәтсіз некеден кейінгі екінші некелер әлдеқайда бақытты болады».
Ал басқа пікірде:
«Дариға өз теңін тауып отыр ғой. Қашанғы мияудың қасында еркек болып жүреді? Өзін әйел сезіндіретін, сөзі өтетін еркектің қасында жүргені жақсы емес пе?» – делінген.
Тағы бір оқырман:
«Ол өз адамын тапты, ішінде оңға басты бір ері төмен тартты, екіншісі көтерді. Халық демей-ақ қояйық», – деп пікір білдірген.
Қуаныш па, әлде бұрынғы отбасыларға қатысты бітпеген сұрақ па?
Дариға Бадықованың той туралы жарияланымы бір-біріне қарама-қайшы екі көзқарасты айқын көрсетті.
Бір тарап екі ересек адамның өз тағдырын өзі шешуге құқылы екенін айтып, олардың бақытты болуын тілейді.
Екінші тарап бұрынғы отбасылар мен балалар алдындағы жауапкершілік мәселесін көтеріп, жаңа некені жария түрде тойлау кезінде сол жағдайларды да ескеру керектігін алға тартады.
Әсіресе балалары бар адамдардың ажырасуы мен қайта некеге тұруы төңірегіндегі пікірлер өткір шыққан.
Көпшілік талқылауындағы басты қайшылық та осы: екі адамның жеке бақыты мен олардың бұрынғы отбасылары алдындағы міндеттері бір-бірінен бөлек қарастырыла ма?
Әлеуметтік желідегі пікірлер Дариға мен Олжастың отбасылық жағдайы туралы барлық деректі ашпайды. Бірақ оқырмандардың бір бөлігі үшін бұл оқиға жай ғана екі адамның үйленуі емес, ажырасудан кейінгі ата-аналық жауапкершілік туралы әңгіменің жалғасына айналғаны анық.
Актрисаның «Халықтың тілегі қабыл болды» деген сөзіне берілген ең қысқа жауаптардың бірі де осы пікірталастың мазмұнын аңғартады:
«Халықтың тілегі қабыл болды емес, халықтың күдігі расталды деген дұрыс-ау».