"Ядролық қауіп төнді" деген ДДҰ басшысы шұғыл мәлімдеме жасады

"Ядролық қауіп төнді" деген ДДҰ басшысы шұғыл мәлімдеме жасады

Таяу Шығыстағы соғыс қауіпті кезеңге жетті. Ирандағы Натанзедегі уран байыту кешеніне және ядролық қондырғы орналасқан Израильдің Димона қаласына соққылар жасалды, деп жазады Democrat.kz. 

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Х әлеуметтік желісінде бұл соғыстың ең қатерлі кезеңіне сипаттама беріп, мәлімдеме жасады. 

"Агенттік кеше Иранның оңтүстік-шығысында және Израильдің Димона қаласында болған оқиғаларды зерттеп жатыр", деді ол.

"Нысаннан тыс жерде радиацияның қалыптан тыс немесе жоғарылау деңгейінің белгілері туралы хабарламалар болған жоқ. Ядролық нысандарға жасалған шабуылдар халықтың денсаулығы мен экологиялық қауіпсіздігіне өсіп келе жатқан қауіп төндіреді", - деп атап өтті ДДҰ бас директоры.

Гебрейесус соғыс басталғаннан бері ДДҰ 13 елдегі өз қызметкерлері мен БҰҰ қызметкерлері үшін ядролық оқиға болған жағдайда халықтың денсаулығына төнген қауіп-қатерлерге тиімді жауап беруге көмектесу үшін маңызды дайындық жүргізгенін атап өтті. 

"Мен барлық тараптарды барынша әскери ұстамдылық танытуға және ядролық оқиғаларды тудыруы мүмкін кез келген әрекеттен аулақ болуға шақырамын. Көшбасшылар деэскалация мен бейбіт тұрғындарды қорғауға басымдық беруі керек", - деп қосты ол.

Барлық жаңалықтар