Кувейтте дронның соғылуынан кейін үкіметтік ғимарат өртеніп кетті деп хабарлайды Democrat.kz.
Ирандық дрон Кувейттің Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қызметінің штаб-пәтеріне түскеннен кейін ғимаратта өрт басталды.
Армияның айтуынша, дрондардың шабуылынан Кувейт халықаралық әуежайының жанармай цистерналары да зардап шеккен.
7 наурызда Сауд Арабиясы, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметтері ирандық дрондардың өз елдерінде әртүрлі дәрежеде зиян келтірген шабуылдары туралы хабарлады.
Бұдан аз уақыт бұрын Иран президенті Масуд Пезешкиан осы елдердегі американдық нысандарға шабуыл жасағаны үшін көрші мемлекеттерден кешірім сұрап және оларды Иранға АҚШ-Израиль шабуылдарына қосылмауға шақырған еді.