"Жаңа норма ұсындық": Асхат Аймағамбетов керемет жаңалығымен бөлісті

"Жаңа норма ұсындық": Асхат Аймағамбетов керемет жаңалығымен бөлісті
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қызметкерлердің жұмыстан шығар кезде кездесетін кедергілерге қатысты заңда жаңа норма ұсынылғанын айтты деп хабарлайды Democrat.kz.
 
"Бір әділетсіз тәжірибе бар. Түрлі ұйымдарда жұмыс істейтін материалдық жауапты қызметкерлер кейде жұмыстан шыға алмайды: басшылық «алдымен бәрін тапсыр, содан кейін ғана босатамыз» деп, құжаттарын бермей қояды.
 
Шын мәнінде бұл тапсыру процесі жиі бюрократияға айналып кетеді. Соның салдарынан адам жаңа жұмыс орнынан айырылып, кейде айлап жұмыстан шыға алмай, екі ортада қалып қояды.
 
Біз осы проблеманы шешу үшін жаңа норма ұсындық", деген Асхат Аймағамбетов бұл туралы кейінірек тарқатып айтуға уәде берді.  
Барлық жаңалықтар