Танымал адвокат Ләззат Ахатова бұған дейін қорғауында болған Әнару Құрманәліге қатысты тағы бір шындық сұмдықты жариялады деп жазады Democrat.kz.
Әнару мен боксшы Жанқош Тұраровтың арасындағы дауда жұрт білмейтін басқа да сұмдықтар бар екен.
Бұған дейін Әнару адвокат Ләззат Ахатоваға қатысты "Жанқоштың тарапына шығып кетті" дегенге саятын жазбасы мен бір фото жариялап еді.
Ләззат Ахатова сол фотоға қатысты және Жанқошпен де, оның әйелі Кларамен де байланысы болмағанын, тіпті Клараның бір жыл бұрын уатсапп нөміріне не деп жазғаны туралы скриндерін де жариялады.

Мұнан бөлек, адвокат осы істі қолына алған уақытта қандай жағдайлар болғаны туралы да бүкпесіз жазды.
"Бір күні Қалдыбек ағамыз түн ішінде тел.соғып, “Дәл қазір Жанқош пен Клара пәлен деген кафеде отыр. Мен мылтық алып барам да, алдымен Жанқошты, сосын қатынын атып өлтірем де, полицияға барып, қылмысымды мойындаймын.
Қызының арын қорғаған әке болам, ел алдында” деді. Жан күйзелісін түсіндім, ата-ана ретінде..жаным ашыды, шарасыз әкеге..Сөйтіп шырылдаған әкесін пәлен-түген деп, жерге қаратқан адамды адам дей алмаймын..


