Жекеменшік мектептегі былықтар: Мұғалім оқушы әкелмесе, жалақысы кесіледі

Жекеменшік мектептегі былықтар: Мұғалім оқушы әкелмесе, жалақысы кесіледі

Жекеменшік мектеп құрылтайшылары "Білім туралы" заң мен Еңбек кодексін бұрмалайтын келісімшарт жасайтыны қалай?

Естімеген елде көп. Жекеменшік мектептерді көп білемін. Оның басында Аятжан Ахметжанұлы бастаған ұлттық мектептер, Алматы облысындағы “Дана” мектебі, ”Зерделі” мектептері, “Мирас” мектебі, бұларда еңбек ететін мұғалімдердің еңбек ету жағдайына адам қызығады. Жетістіктері де көп. Табысты адамдар топтасқан деген ойдамын. Алайда, кеше үш жасар немеремнің сөзімен айтқанда “Күн Ай болған мезетінде” , маған күтпеген хабарлама түсті. Кешкі 20:30-дар шамасында Түркістан қаласындағы әріптесімнен түскен сол қаладағы жекеменшік мектепке қатысты басынан өтіп жатқан жағдайды баяндайды. Былығы көп іс сияқты, шет-жағасын баяндайын: Ең алдымен келісімшарт дұрыс жасалмаған, мұғалім келісімшарттың Еңбек Кодексіне сай болуын талап еткен. Бірақ келісімшарт 6 ай бойы қайта жасалмаған, директордың м.а. келісімшартты түзетпей қол қоюға мәжбүрлеген, қол қойылмаған. Атқарған еңбегіне қарай осы 6 айда алты түрлі жалақы берілген; Келесі келіспеушілік жекеменшік мектепте оқушы саны аз. Жүзден асатын оқушы бар екен. Әр қызметкерге оқушы тарту міндеттелген. Ай сайын оқушы әкелмесе, жалақы кесілген, тіпті, ең аз көлеиде төленген, ондайда ең төменгі күнкөріс мөлшері де ескерілмеген екен; Маған жіберілген аудиода мұғалімнің жеке басына тиіскен әдепсіз сөз көп. Мұғалімге ұрсу, зеку, баласындай көрген төмен қарым-қатынас әкімшілік тарапынан байқалады Мен көрген бейнебаянда оқушылар тапсырма орындап отыр, үзіліске әлі 4-5 минуттай бар. Әкімші әйел адам мұғалімді соңынан қуа кабинетке кіріп, айқайлай сөйлейді. Кабинеттегі оқушылардың бары ескерілмейді. Мұғалім сабақ өтетін кабинетіне сабақ құралдарын реттеу үшін рұқсатпен кіргенде соңынан қуа кірген әкімшілік өкілі сабақты бұзып тұр, айқайлап әдепсіздік танытып тұр. Түркістан Қаласының Білім Бөлімі, жекеменшіктің құрылтайшылары немесе жеке меншік директорлары осылай білгенін жасап жүре ме?! Түркістан қаласы білім сапасын бақылау департаменті заңсыздықтар жөнінде түскен арызды басшылықа аларсыздар , Түркістан қаласы еңбек инспекторы еңбек тәртібінің өрескел бұзылғанын зерделеп, ақиқатын айтарсыздар. Есі дұрыс басшы жұмысқа алған адамның еңбекақысын жемейді, әрі заңсыз жұмыстан шығарып, бұйрығын берместен мектепке кіргізбей қоймайды; Есі дұрыс құрылтайшы мектеп ашқан соң, оқушысын өзі жинайды, жинаған оқушысын мұғалімнің алдына отырғызады. Себебі, пайда табатын өзі Есі дұрыс адам өз қызметкерінің алдына абыройы мен беделін сақтауға тырысады Оқушының көзінше ұрыс - керіс шығармайды. Өзі ешкімді сыйлай алмайтын шолақ белсенді, біліксіз, бас пайдасына халықты қанаған БАСШЫЛАР қайдан пайда болады?! Мира БАРКАЗАТҚЫЗЫ, білікті ұстаз. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар