Журналист Ринат Зайытовтың масқарасын шығарып, айыбын әшкереледі

Журналист Ринат Зайытовтың масқарасын шығарып, айыбын әшкереледі
Бұрынғы айтыс ақыны популизмге салынып, саяси ұпай жинап жүр деп жазады Democrat.kz. сайты журналист Ораз Әлімбековтің жазбасына сілтеме жасап.
 
«Ринат Зайытов заң шығарушы органға барамай-ақ айтыста ауызы көпіріп жүре бергені дұрыс па еді» деп ойлап қоям. Кейде ол популизмге салынып, Мәжілісті шулатып жатады.
 
Ол тағы да парламенттің жалпы отырысында банк саласына қатысты сын айтыпты. Қызды-қыздымен біздегі банктердің пайыздық мөлшерлемесі соғыс болып жатқан елдерден де жоғары деп бөсіп жіберді. Р.Зайытовтың сөзінде шындық бар ма? Осыны талдап көрелік.
 
Біріншіден, көрші елдердегі және соғысып жатқан Ресей мен Украинадағы да пайыздық мөлшерлеме бізбен шамалас. Мысалы, Ресейде кейбір банктердің тұтынушылық несиесінің пайыздық мөлшерлемесі 52 пайызға дейін жетеді. Көбі 22-29 пайыз аралығын ұстайды.
 
Ал Украинада ПроКредит банкте 34 пайыздан басталады екен. Осының қайсысы бізден төмен, депутат мырза?!
 
Екіншіден, бұған дейін экономистер де, қаржы саласының сарапшылары да ҚР Ұлттық банкінің базалық ставканы неліктен 18 пайызға өсіргенін түсіндірген.
 
Яғни, макроэкономика мен микроэкономикадан хабары бар адам Ұлттық банктің бұл қадамы тежеуші саясат екенін жақсы түсінеді. Былайша айтқанда, бұл инфляциямен күресудің бір тәсілі.
 
Бұл жерде Ринат Зайытовтың әлгіндей бөсуінің екі себебі бар. Біріншісі - айтыс ақыны Ринаттың экономикадан дым да хабары жоқ. Ол сөз қиыстырып, өлең ұйқастырудың маманы шығар, бірақ қаржы-несие саясатының қалай жұмыс істейтінін ол білмейді. Солай болса, да популизмге бой ұрып, өзіне «ұпай» жинағысы келеді тұрады. Бұл мақтаншақ айтыс ақындарына тән қасиет қой.
 
Ол парламент отырысында депутаттарға да мін тағып, «сөзіміз бен ісіміз сай келмей жатыр» депті. Бұл да популизм. Әйтпесе, Ринат алдына келген заң жобасын талқылағанда, заң жобасындағы нақты кемшіліктерін көрсетіп бермей ме?!.
 
Депутаттарды ұйымдастырып, заң жобасының кемшілігін сол жерде түзетіп тастасын! Министрлер кабинетінен келген заң жобасына өзгеріс енгізуге шамасы жетпейтін депутат Мәжілісте не бітіріп жүр?!.
 
Егер қолынан түк келмесе, депутаттық орынын мәселенің мәнін түсінетін басқа біреуге босатып берсін. Бұлай популизмге салынып, пікір айтқанша нақты іске көшу керек қой.
 
Әйтпесе, оның сөзі «елдің бәріне ақша таратып беремін, бәріңді қарық қыламын» дейтін псевдо-экономистердің сөзіндей ғой. Бүйтіп саяси ұпай жинамай-ақ қойсыншы" деп жазды Ораз Әлімбеков.
Барлық жаңалықтар