«KÖLEÑKE» анимациялық жобасы АҚШ-та арнайы жүлдеге ие болды

«KÖLEÑKE» анимациялық жобасы АҚШ-та арнайы жүлдеге ие болды

Қазақстандық «KÖLEÑKE» (18+) анимациялық жобасы АҚШ-тың Портленд қаласында өткен PFCAT — Portland Festival of Cinema, Animation & Technology фестивалінде хоррор-анимация жанры бойынша қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді. Туынды «Өзгеше көзқарас пен шығармашылық шеберлік» аталымы бойынша ерекшеленді, деп жазады Democrat.kz.

Фестиваль сарапшылары қазақстандық жобаның авторлық қолтаңбасын, көркемдік шешімін және өзіндік визуалды эстетикасын жоғары бағалаған.

Жоба авторлары бұл марапатты отандық анимацияның халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсететін маңызды жетістік деп бағалап отыр.

«KÖLEÑKE» жобасының шығармашылық тобына сценарий авторы Ернар Тілеубаев, қоюшы режиссер Мақсат Аяпов, қоюшы суретші Даир Жиенқұлов және атқарушы продюсер Нұржігіт Сұлтанберді кірген.

Жоба «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің қатысуымен жүзеге асқан.

Авторлардың айтуынша, бұл жетістік — шығармашылық топ пен «Қазақанимация» мамандарының бірлескен еңбегінің нәтижесі. Жоба халықаралық фестивальде жоғары бағаланып, қазақстандық анимацияның шетелдік аудиторияға да қызықты бола алатынын көрсетті.

Барлық жаңалықтар