"Көкем зорлады" деген жігіт маңызды мәлімдеме жасады

"Көкем зорлады" деген жігіт маңызды мәлімдеме жасады

Бірер күн бұрын "көкем зорлады" деп әлеуметтік желіде шулы мәлімдеме жасаған Нұрғали Нұғман осы видеосынан кейінгі жағдайын айтып, тағы мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Нұрғали Нұғман "арқа сүйеген көкем ойына келген жаман тірлігін асырып, мені зорлады" деп видео жариялаған соң, өзіне көп адам хабарласып, "хайп" жасап жатсың деп кінәлағанын айтады. 

"Маған саудаңды жүргізу үшін сондай хайп жасадың деп жатқандар бар. Кімге зияным тиді? Бір күннің ішінде "халық жауы" болып кете жаздадық қой.

Кімге жамандық жасадым? Бизнесің үшін дейтіндей, сонда мен жұмыс істемеуім керек пе? 

Менің отбасымның неге мазасын алып жатсыңдар? Таралып жатқан ақпаратты үйдегілерге жіберудің керегі не? Олардың да интернеті бар. Көрем десе, сол жерден көреді. Қойсаңдаршы осындай тірлікті!"деген Нұрғали Нұғман алдағы уақытта арнайы сұхбат беріп, барлық жағдайды жайып салатынын мәлімдеді. 

Барлық жаңалықтар