Комада жатқан сарбаздың туысы: 4-қабаттан құласа ішкі ағзалары неге езіліп, жыртылып кеткен?

Комада жатқан сарбаздың туысы: 4-қабаттан құласа ішкі ағзалары неге езіліп, жыртылып кеткен?

Қапшағайдағы әскери бөлімде жоғарғы қабаттан құлаған сарбаздың туыстары ол алдын ала әбден таяқ жеген болуы мүмкін деп күмәнданып отыр деп жазады Democrat.kz.

Қапшағай қаласындағы 32363 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Туыстары жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға түнгі уақытта болған. Зардап шеккен сарбаздың аяқ-қолы мен басы аман қалғанымен, ішкі ағзалары қатты зақымданған. Дәрігерлер оған шұғыл түрде күрделі ота жасаған.

Жақындарының айтуынша, операция барысында өкпесіндегі жарақат емделіп, көп мөлшерде кеткен қан тоқтатылған. Сондай-ақ жыртылған ішегі тігілген. Бұған қоса, бүйрегіне зақым келгені, қабырғасы мен жамбас сүйегі сынғаны айтылды.

Оқиға туралы сарбаздың ата-анасына әскери бөлім басшылығы түнде хабарлаған. Қазір отбасы жансақтау бөлімінің алдында баласының жағдайын күтіп отыр.

Бұл жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

 

Барлық жаңалықтар