"Көз алдымызда қиналып, көз жұмды":Отандық пойыздың бірінде болған қайғылы оқиға жұрттың ренішін оятты

"Көз алдымызда қиналып, көз жұмды":Отандық пойыздың бірінде болған қайғылы оқиға жұрттың ренішін оятты

Әлеуметтік желіде еліміздің пойыздарының бірінде болған қайғылы оқиға қызу талқыланып, жұрт "Қазақстан Темір Жолдарына" реніштерін білдіруде деп жазады Democrat.kz.

Threads желісін қолданушы отандық пойыздардың бірінде көз алдарында бір адамның қалай қайтыс болғаны туралы қайғылы оқиға туралы айтып берді.

"Бүгін Алматы-Ақтөбе номері 33 пойызында 12-ші вагонда болған жағдай.Алға қаласына келгенде ұйқымнан тұрып беті қолымды жумақшы болғанымда бір аға қан қысымы көтеріліп құлады.

Әйелінің жанды дауысы қатты шыққанда, ел қатарлы жанына жүгіріп бардым.Ағаны жатқызған қасында екі қыз қолдарын уқалап тұр.Мен бірден ағаның сол аяғын қайта-қайта көтеріп жатқанын байқап инсульт алды-ау деп сол аяғын отыра кетіп уқаладым.103 шақырылған бірақ Ақтөбе қаласынан күтеді екен.Біраз ағаға массаж жасадық. 

Полициялар келіп купеден шығуымызды сұрады.Шықтық.Бірақ мен полициямен және пойыз бастығымен қатар кіріп бетіне су шашуына су құйып отырдым.

Бір мезетте ағаның көзі жұмылып,өңі кетіп бара жатты.Қорыққанымыздан кетіп бара жатыр деп айқайладым.Сол сәтте ағаның тілін шығару керек деп айқайлай бердім сол кезде милиция жігіт ауызын күшпен ашып тілін ұстады.Аға кетіп қалғандай болды.Пойыз басшысы дереу алғашқы көмек көрсетті.Қайтадан дем ала бастады.  

Бірақ бір айта кететін дүние вагонда ешқандай алғашқы көмекке қажетті заттар болмады.Тіпті тонометр болмады.Жол жүретін адамдарға денсаулығына байланысты көмек көрсетілетін дүниелер жоқ секілді.
 
Алғадан кейінгі келесі Ақтөбеге тоқтауымыз керек бірақ пойыз белгісіз екі жерге тоқтап ұзақ тұрып қалды.Себебі қарама-қарсы басқа пойыз келе жатыр екен басшының түсіндіруі бойынша.Егер дәл уақытында жүргенімізде осындай жағдай болмаспа еді…  
Одан келесі вагоннан бір медик жігіт келіп жерге жатқызуын сұрады мен купеден шығып кеттім.Бірақ сол кезде инсульт алған адамды қозғамайды дегенді атамнан еститінмін.(Атам медик болған.)
 
Араға минут салып купеге қарағанымда аға жерде жатыр бірден өмірден өткенін түсіндім.Медик жігіттен сұрағанымда олда кетіп қалды деді.
 
Бірақ әйеліне дем алып жатыр деп айттым.(Мүмкін олай үміт сыйлағанымды қателік шығар,бірақ солай айтуыма тура келді өзі жылап тұрғасын қолында 6,7 айлық немересі бар.)
 
Ағаның бетін жанағы жігіт жапты,мен аяқ жағын жаптым.Біршама минуттан кейін ағаның қолы ашық екенін байқап қолын ұстап дұрыстап жаптым.Қолы мұп-мұздай.Әрі қарай кешігіп жатқан пойыздың Ақтөбеге тоқтауын 103 келуін күттік.103 бірден қайтыс болғанын айтты.Менен полициялар жауап алды.
 
Айтқым келгені біздің теміржол пойыздарымызда неге алғашқы көмекке керек дәрілер және қан қысымын өлшейтін тонометр жоқ.Қазақстан темір жолы адам өміріне осыншама салғырт қарағанымыз ба?"деп жазды желі қолданушы. 
 
Қайғылы оқиғаны оқығандар "ҚТЖ пойыздарында алғашқы көмек көрсетілетін дәрілер, құралдар неге жоқ?", "әр пойызға бір дәрігерден бекіту керек", "ол кісіні құтқарып қалуға болар ма еді, егер дер кезінде көмек бергенде" дегенге саятын пікірлер жазуда. 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар