Ливан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты

Ливан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты

Ливан Таяу Шығыста өлім жазасын алып тастаған алғашқы мемлекет болды деп жазады Democrat.kz.

Ел парламенті ең жоғары жаза түрін мәжбүрлі еңбекпен қоса өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен алмастыру туралы заң қабылдады. Заңды 128 депутат қолдап дауыс берді. Тек «Хезболла» фракциясы қарсы шықты.

Бұл оқиға қазірдің өзінде тарихи қадам деп бағаланып отыр.

Айта кетейік, Ливанда өлім жазасынан бас тарту мәселесі көптеген жыл бойы талқыланып келді. Соңғы рет өлім жазасы 2004 жылы орындалған. Одан кейін де соттар мұндай үкімдер шығаруды жалғастырғанымен, әдетте олар жазаның басқа түрлерімен алмастырылып отырған.

Барлық жаңалықтар