Журналист Жазира Беглы қазіргі мектеп асханаларындағы проблемаларды айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Кеше мектеп асханасында қызмет ететін кәсіпкерлермен кездестім. Ас мәзіріне енгізілген сары түсті бұршақтан (горох) жасалған пюрені балалардың 98% жемейді дейді. Негізі баланың пайдалы, құнарлы тамақ жеуге дағдылану процесі туғаннан басталып, отбасында бейімделу керек.
Менің ауылдан келетін қонақтарым кейбір тамағымды ұнатпайды. Олар майды қыздырып, пиязы, еті қуырылған тамақты жақсы көреді. Мен көбіне қайнатып, бұқтырған асты пісіремін.
Менің бір көршімнің күйеуі сұйық тамақ істеуге рұқсат бермейді . “Сорпа” ауру, науқастың жейтін асы дейді екен. Үнемі қуырылған , майлы тамақ денсаулыққа пайдалы емес.
Балалардың мектепте күнде макарон жегісі келеді дейді асхана меңгерушілері. Тағы бір құрбымның үйінде картоп, капуста, сәбіз, пияз , қой етін ешкім жемейді.
Енді бірі тауық етінен жиіркенеді. Ал асханада күніне мың бала қалайтын тамақты пісіру мүмкін бе?
Айтпақшы, бірнеше жыл бұрын Қарағандыдан құдалар келді. Бір адам салаттардан ауыз тимепті. Кейін сол жаққа тойға барғанда “біз шөп-шалам ұнатпаймыз” деп күлген.
Мектептерде ыстық тамақ ысырап. Пияз, капуста, горох жемейтін баланы мәжбүрлеу мүмкін емес. Лоқсып, құсып тастайды. Асхана қызметкерлері де еңбегінің зая болғанына қынжылады.
Мәзірді әзірлейтін мамандар ас құрамын құнарлы азық-түлікпен толықтыруға тырысып жатыр. Бірақ бұдан не өзгерді?
Сол мамандар мектеп асханасына қатысты дау-дамайды білмей, естімей ме?
Тағы бір проблема тамақ қалдықтарынан құтылу қиямет қайым екен. Сондықтан оқушылар жеген ас кәсіпкерлер үшін шығын деп түсіндірді. Бұған азық-түліктің бағасының қымбаттап кеткенін қосыңыз.
Ата-аналар , мектеп әкімшілігі мен асхана меңгерушісімен ұрыс-жанжал жиі бұрқ етеді. Бірақ дау арылмайтын ыстық тамаққа қатысты осындай проблемалар шешімін табу керек деп ойлаймын. Талдау жасасын.
Балам 8 сыныпта оқиды. Таңертең тәбеті болмайды. Самса сатып алдым дейді. Мектептің міндеті балаға білім беру. Дегенмен бұл дауға нүкте қою керек.
Есесіне демалыс күндері бургер, донер, пицца сататын кафелерде орын жоқ"деп жазды
Жазира Бегалы.