Мәдина-Алматы бағытында келе жатқан ұшақ басқа әуежайға қонуға мәжбүр болды

Мәдина-Алматы бағытында келе жатқан ұшақ басқа әуежайға қонуға мәжбүр болды

Мәдина–Алматы бағытында ұшып келе жатқан әуе рейсі кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлап, экипаж Омандағы қосалқы әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақпаратты Scat әуе компаниясының баспасөз қызметі растады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу кезінде жолаушылардың бірі есінен танып қалған.

"Мәдина–Алматы бағытындағы рейс кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлады. Бортта оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Алайда жолаушыға әрі қарай медициналық көмек көрсету мақсатында ұшақ командирі Омандағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада. 
Ұшақ қонғаннан кейін жолаушы дәрігерлерге тапсырылған.

Барлық жаңалықтар