Танымал жуналист Анна Данченко анасынан айырылып, бірнеше уақыт бойы аза тұтып, қайғырып жатып қалғанын, енді белін бекем буып, еңсесін көтергенін айтып жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Анаң жоқта көзіңнің жанары сөніп, бір сәтте есейіп кеткендей болады екенсің…
Бүгін алғаш рет қайта боянып, өзімді бұрынғы қалпыма келтіруге тырыстым. Айнаға қарадым да, өзімді өзім тани алмадым… Бәрі орнында сияқты: сол жүзім, сол көздерім. Бірақ жанарымда бұрынғы от жоқ. Көзімнің түбіне мұң ұялап қалғандай…
Ақырындап жұмысқа оралып, үйреншікті өмірімді қайта бастауға тырысып жүрмін. Адамдармен сөйлесемін, күлемін, өзімді қолға аламын. Бірақ ішімде бір бос кеңістік бар. Қанша тырыссам да, бұрынғы энергиямды, күшімді, өмірге деген құлшынысымды таба алмай жүрмін.
Бұрын кішкентай нәрсеге қуанып, армандап, күліп жүретін бір қыз бар еді ғой… Сол қызды сағынып жүрмін. Анам бар кезде қанша жасқа келсем де, өзімді әлі де бала сезінетінмін. Ал қазір аз уақытта бірнеше жасқа есейіп кеткендеймін…" деп жазды Анна Данченко.