МӘМС басшылығына төтесінен талап қойылды

МӘМС басшылығына төтесінен талап қойылды

Атышулы МӘМС жүйесі арқылы 3,5 млрд теңге қолды болған. Белгілі журналист Айгүл Мүкей осы тұста қор басшылығынан ел алдына шығып, ашық түсініктеме беруін талап етті, деп жазады Democrat.kz.

Әзірде ғана Қаржы мониторингі мұншама ақшаның қандай клиникалар арқылы ұрланғанын егжей-тегжейлі баяндаған.

Айгүл Мүкей қор басшылығы мұндай афераның қалайша бақылаусыз қалғанын, бұған кімнің жол бергенін және мұндай сұмдықтың қайталанбауы үшін не істелетінін түсіндіруге міндетті деп отыр.

“Қылмыс анықталды. Бірақ қордың осы жағдайға берген бағасы қайда? Күмәнді төлемдерге кім жол берді, миллиардтар талан-таражға түсіп жатқанда қор неге дабыл қақпады?”, – дейді ол.

Айта кетелік, клиникалардың көмегімен жемқорлардың жемсауында кеткен ақша жұрттың ай сайын МӘМС жүйесіне аударып отырған маңдай тері болатын.

Экс-депутат Бақытжан Базарбек қорды «өз қолымызбен жасаған монстрға» теңеген еді. Дей тұрғанмен, МӘМС әлі толық тазарған жоқ. Базарбектің пікірінше, жемқорлық осынау жүйенің өн бойына тарап кеткен.

«Ендігі кезекте, Денсаумин бекіткен бұйрықтарды мұқият зерделейміз. Бұларды өзгерту қажет. Жемқорлықтың түп-тамыры сол арадан бастау алады», — деген Базарбек өкінішке қарай жаңа құрылтай құрамына өтпеді.

Барлық жаңалықтар