Желіде акционерлік қоғамдардың бірінің қызметкері кеңсеге қару мен гранат алып келгені туралы видео тарады.Оқиғаға жедел әрекет еткен полиция жасағы оны ұстады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz. - ке сілтеме жасап.
Оқиғаға Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
Маңғыстау облыстық ПД мәліметінше, 30 сәуір күні Ақтау қаласы полициясының жедел басқару орталығына кәсіпорын аумағында бір ер адамның граната бар деп қорқытып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу барған.
«Тексеру барысында кәсіпорын қызметкері өзімен бірге гранатқа ұқсас зат пен қаруға ұқсайтын бұйым алып келгені анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тәркіленген барлық заттар тексерілді, алдын ала мәлімет бойынша, олар пиротехникалық бұйымдар мен пейнтбол қаруы болып шықты. Алайда заң бойынша тыйым салынған заттар табылған жоқ», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше, ер адам мас болған және полицияға жеткізілген. Сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қорытынды процессуалдық шешім тергеу нәтижесіне қарай қабылданады.