Марқұм Роза Бағланованың келіні енесінің өлімге қалай дайындалғанын айтты

Марқұм Роза Бағланованың келіні енесінің өлімге қалай дайындалғанын айтты

Қазақтың бұлбұл әншісі, марқұм Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова енесіне қатысты тағы бір құпиясымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Марал Бағланова журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында марқұм енесінің өлімге қалай дайындалғанын айтып: "Мамам өзінің кететінін білген сияқты. 

Бір жыл бұрын кебін матасын алдыртып, дайындатты. Сосын не істеп, не қою керегін маған айтып, "жазып ал, ұмытып кетпе" деп тапсырды. 

Басына қойылатын тасқа не деп жазу керегін де айтты. "Менің азан шақырып қойған атым Үрбибі. Басыма қоятын тасыма осылай деп жазыңдар" деп ескертті. Бұл туралы тіпті өз баласы да білмеген екен.

Тіпті, басына тұтатын шымылдығын дайындатып, оның шеттеріне әдемілеп шілте жасатты", деп еске алды. 

Барлық жаңалықтар