"Марқұмға бейсенбілік шай беруді тоқтату керек" дейді келесі уағызшы (ВИДЕО)

"Марқұмға бейсенбілік шай беруді тоқтату керек" дейді келесі уағызшы (ВИДЕО)

ТикТоктың келесі бір уағызшысы айды аспаннан бір-ақ шығарып, "қазақта бейсенбілік шай беру деген мүлде болмаған" дейді деп жазады Democrat.kz.

Нүсіпжан Маратбекұлы деген атпен тіркелген парақшадан тараған бұл видеодағы селдір сақалды уағызшымыз: "Қазақта марқұмға бейсенбілік шай беру деген мүлдем болмаған. Ата-бабамыздан қалғанғұрып емес. Біреу айта ала ма, 18-19 ғасырда бейсенбілік болған деп? Бейсенбілікті тастауымыз керек, қоюымыз керек. Дүниеден өткен адамға бейсенбіліктен еш пайда болмайды. Әншейін тірілер ішіп-жейді, болды. Ал Құранды үйде отырып, өзіңіз отырып бағыштасаңыз, болады" деген уағызшы бейсенбілік шайға ағайын-туыстың жиылып, ішіп-жеп қайтуы марқұмға түк пайда бермейді дейді. Сөзінің соңында уағызшы "егер бейсенбілік дегенді тоқтатсақ, қойсақ, Алла қаласа шариғаттағы нәрселерді орнына қоямыз" дейді. Фото видеодан скринделіп алынды. [video width="576" height="1024" mp4="/uploads/2025/04/WhatsApp-Video-2025-04-16-at-17.02.56.mp4"][/video]
Барлық жаңалықтар