Шымкент қаласындағы мектеп асханаларында ықтимал заңбұзушылықтар анықталды. Мәліметке сәйкес, тегін ыстық тамақ ішуге құқығы бар оқушылардың пластик карталары кей жағдайда жүйеде ретсіз «пайдаланылғаны" анықталған деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода бір апайдың сартлдатып, балалардың "тегін ыстық тамақ ішуін" білдіретін карталарды басып жатқан видеосы тарады.
Алайда шын мәнінде бала сол күні асханаға бармаған немесе тамақ ішпеген болуы да мүмкін.
Мұндай жағдайлар балалардың тамақтануына бөлінген бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуы немесе жымқырылуы мүмкін деген күмән тудырады.
Осыған байланысты мамандар барлық мемлекеттік мектептердің асханаларын осы бағытта тексеру қажет екенін айтып отыр.
Балалардың тамағына бөлінген қаражат ең алдымен олардың денсаулығына арналған ақша. Сондықтан мұндай мәселелер болса, оны жасырып қалмай, барлық мектептерде ашық тексеріс жүргізу керек екенін айтқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәселеге басты назар аудару керегін де айтты.
Әлеуметтік желіде тараған осы видеоға қатысты пікір жазғандардың 90-95 пайызы балаларының мектеп асханасынан жарытып тамақ жемейтінін ашық айтуда.
Жұрт "Балам сабаққа бармаған күні де "еговтан" "тамақ ішті" деген хабарлама келді. Кім кімді алдап отыр?", "мектеп асханасынан үш баламның үшеуі де тамақ ішпейді", "мектеп асханасында бала ішетін тамақ жоқ. Сапасыз, арзан тамақтарды олай бергенше, сапалы, құнарлы дүниелерді сатса, ақшасын төлеп алар едік", "егін деген аты ғана, ал шындығында бала жейтін тамақ жоқ мектеп асханасында" дегенге саятын пікірлер жазуда.