Мектепте қай мұғалімнің қиналмай, қалаған сағатын ала алатыны белгілі болды

Мектепте қай мұғалімнің қиналмай, қалаған сағатын ала алатыны белгілі болды

Жаңа оқу жылының басында жыл сайын болатын "сағатқа таласу" науқаны басталды. Мұғалімдер жақсы жалақы алу үшін тиісті сағат жүктемелерін алғысы келетіні заңды. Мектепте қай мұғалім қиналмай, өзі қалаған сағат жүктемесін ала алады деген сауал төңірегінде әлеуметтік желіде пікірталас басталды деп жазады Democrat.kz.

Threads желісінде "қай мұғалім еш қиналмай, өзі қалаған сағат жүктемесін ала алады" деген сауал бойынша педагогтардың жауаптары түрліше болды. 

Бірі "директорға жағатын мұғалім" десе, енді бірі "завучтың адамы алады" дейді. 

Ал сұраққа жауап бергендердің басым бөлігі мектепте ең көп сағат алатын мұғалім математика пәнінің мұғалімі деген пікірде. 

Пікір жазушылардың сөзінше, математикаға бөлінетін сағат көп те, ал мұғалімдер аз көрінеді. 

Мұнан бөлек, бастауыш сынып мұғалімі де тиісті сағатын қиналмай алатынын бірақ бірнеше факультатив сабақтар үшін таласуы мүмкін екені айтылады. 

Сіз қалай ойлайсыз,мектепте қалаған сағат жүктемесін қай мұғалім ала алады?

 

Барлық жаңалықтар