Мереке Қалбаева арманын айтам деп жылап қалды

Мереке Қалбаева арманын айтам деп жылап қалды

Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева болашақ арманымен бөлісіп, жылап қалды деп жазады Democrat.kz.

"Төркініме барғанда, ата-апамның үйін, сіңлімнің жағдайын көріп қанжыладым… Кішкентайымда ешкім қартаймайтындай, ешкім ауырмайтындай көрінетін еді… сөйтсек ештеңе МӘҢГІ емес екен ғой.

Мен тұрмысқа шығып, жатжұрттық атансам да… туыс бауырларымның жағдайын алаңдап, қол ұшымды созып жүргім келеді.. Есімімді қойған атам қайтыс боларынан алдын, мен Микошқа разымын деп кетіпті.

Қыз болсын, ұл болсын жақындарына демеу болу керек қолдан келсе … оған Арекеңде қарсы емес.. АЛЛАҒА шүкір осындай түсінігі бар, ақылды жарды бұйыртқан.

Алдағы уақытта сіңлім айтқанымды жасап, әрекет етсе осы жерге ЗӘУЛІМ ҮЙ салатындай дәрежеге жетеді АЛЛА қаласа” деді Мереке Қалбаева.

Барлық жаңалықтар