Министр мәлімдемесі: Педагогтардың сағаттары жаңа жүйемен бөлінеді

Министр мәлімдемесі: Педагогтардың сағаттары жаңа жүйемен бөлінеді

Білім саласында тағы бір жаңа жүйе енгізілмек. Енді педагогтарға сағат бөлу жұмысы цифрландырылады. Бұл туралы Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді деп жазады Democrat.kz. 

2019 жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында мұғалімдердің апталық жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілген. Бұрын бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болған.

Енді ең маңызды өзгеріс — сағат бөлу жүйесі толық цифрландырылмақ.

Яғни, сағаттар бұрынғыдай “таныс-тамырмен” емес, нақты көрсеткіштерге байланысты бөлінеді:
оқушы саны
сынып-комплект.

Министрдің бұл жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен педагог Әлия Тұрсынбаева: 

"Бұл — білім саласындағы үлкен өзгеріс!

Шынын айту керек…
Бұл мәселе бүгін көптеген мұғалімнің жүрегіне ауыр тиіп жүрген шындық.
Кімнің “адамы” бар — сол сағат алады деген түсінік әлі де бар…

Егер бұл жүйе толық іске қосылса —
әділдік орнайды
мұғалім еңбегі бағаланады
сенім артады

Қыркүйектен бастап енгізілсе — нұр үстіне нұр болар еді. Қаншама ұстаздың алғысын алар үлкен қадам!"деп жазды. 

Алайда бұл жаңалыққа да қуанбаған ұстаздар аз болмады. 

"16 сағат және педагогтың 1 сабағы мен ортасына 4-5 сағаттап окошка салуды қою керек , мұғалім мектептегі жұмысын аяқтап басқа да жұмыстарын жасау керек, себебі 16 сағат ол 230000 а қәзіргі таңда ол ақшаң ипотекаңа да жетпейді. Ол рас"

"Көпшілікке топырақ шашуға болмайды. Реформаны тоқтату керек. Цифрландыру деп екі есеге жұмыс көбейді. Жауапты мамандар күні , түні отырады. Әділ бөлу мектеп директорына байланысты. Мен атқарып жатқан білім ордасында тәжірибелі ұстаздар 24 сағат жүктемемен жұмыс жасап жатыр. Дене тәрбие пәнін ұл, қызға бөліп оқыту керек деп ойлаймын. Білім сапасын арттыру үшін , болмайтын жобаларды тоқтатып дәстүрлі бағалауға қайта көшу керек. Оқушыларға бес балдық жүйемен бағалауға көшкенде ғана , оқуға ынталанатын болады. Сосын оқулықтың сапасын қайта қарау керек."

"16 сағат ставкаға отырғызатын болса, онда 24 сағаттың ақшасын төлесін. Сонда ешкім қарсы болмайды. Ставканың ақшасы өте аз ғой, 200 мыңға кім істейді, ақшаны сабақ бергенің үшін аласың, қалған бастан асатын қыруар жұмысты ақысыз істеп жүр мұғалімдер"

"Мұғалім тек 16сағ қана алса, жалақысы мардымсыз болады ғой. Әй мына министр айды аспанға шығаруға бел буды ғой деймін"

 

Барлық жаңалықтар