"Мұғалім газетке жазылсын" деген қоғам белсендісі Асхат Аймағамбетовті айыптап, ашық хат жолдады

"Мұғалім газетке жазылсын" деген қоғам белсендісі Асхат Аймағамбетовті айыптап, ашық хат жолдады
Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Риза Асанқызы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовке ашық хат жазып, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
 
Риза Асанқызы өзінің парақшасында: "ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
Асхат Аймағанбетов мырзаға !
АШЫҚ ХАТ
Құрметті АСХАТ ҚАНАТҰЛЫ!
 
Премьер-Министрге жолдаған депутаттық сауалыңызда «қобызшы, жырау, зергер, бүркітшінің мәртебесі жоқ» деп, мәдени мұраның жоғалуына алаңдапсыз.
Жарайды, алаңдаңыз.
 
Бірақ бір нәрсені ашық айтайық:
Мәдени құндылықтарды жоғалтудың жарты жолына қазақты жеткізген саяси тұлғалардың бірі -өзіңіз емес пе!
Сіз ұлттық мұраны заңнан іздепсіз.
 
Ал қазақ асыл мұрасын ғасырдан ғасырға жеткізіп келе жатқан газет тігінділерінен іздеген. Сіз оларды мәдени кеңістіктен ығыстырып шығару үшін қолдан келгеннің бәрін жасадыңыз емес пе?
 
Бүгінгі газет оқымайтын ұстаздардың тұтас буыны - сіздің “реформа” деген атпен жүргізген саясатыңыздың тікелей өнімі.Енді «ұлттық мұра жоғалып барады» деп дабыл қаққаныңыз - өрт қойған адамның түтін искеп тұрып,” кім жақты?” дегенімен бірдей емес пе ?
 
«Мұғалім мәртебесі туралы» заңмен өзіңізге “Аймағанбетовтың реформасы” деген мәңгілік ескерткіш қою мақсатыңызды орындадыңыз. Енді мәдени мұраның да “құтқарушысы” болғыңыз келе ме?
 
Бірақ бір нәрсе анық: баспасөзі әлсіреген жерде ұлттық мұра да әлсірейді.
Бұл екеуін бір-бірінен бөліп жарып, мәдени мұраға қамқорлық жайында әңгіме айту-саяси пафос!
 
Егер Сіз мәдени мұраның тағдырына шын алаңдасаңыз:
алдымен баспасөзге жасалған қысымыңызды мойындаңыз;
 ұстаз бен газет арасына сына қаққан солақай саясатыңыздың салдарын мойындаңыз;
Содан соң ғана “ұлттық құндылықтар жоғалып бара жатыр” деп дабыл қағуға моральдық құқығыңыз болады.
 
Асхат Қанатұлы,ұлттық құндылыққа қамқорлықты сахнадағы кезекті ойынға айналдырмай , өз қолыңызбен салып кеткен жарақатты түзетуден бастаңыз!
 
Мұғалімдер “дивизиясын” алдыңызға қалқан қылмай, осы ашық хатқа өзіңізден тікелей, бұра тартпаған ашық жауап күтемін!"деп жазды
 
Әйтсе де, қоғам белсендісінің бұл жазбасына пікір жазған кісілердің 99 пайызы "Аймағамбетов мұғалімді газетке күштеп жаздырудың заңсыз екенін айтты. "Жазылмаңдар" демеді. Оқылатын газет болса, мұғалім ешкімге қарамай да оқиды. Аймағамбетовке тасадан тас атудың кезекті бір әдісі бұл" дегенге саятын пікір жазуда. 
Барлық жаңалықтар