Қытай университеттеріне түсетін шетелдік талапкерлерге жаңа емтихан енгізілді

Қытай университеттеріне түсетін шетелдік талапкерлерге жаңа емтихан енгізілді

Қытайдағы бакалавриат бағдарламаларына түсуге ниетті шетелдік талапкерлерге CSCA академиялық дайындық емтиханын тапсыру міндеттеледі. Жаңа талап үкіметаралық стипендиялық бағдарламалар арқылы оқуға түсетін үміткерлерге де қатысты болады, деп жазады Democrat.kz.

Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, талапкерлер 2026 жылдың қараша немесе желтоқсан айларында тапсырылған емтихан нәтижесін растайтын жарамды сертификат ұсынуы тиіс.

Келесі тестілеу кезеңі 19–20 желтоқсанға жоспарланған. Тіркеу 25 қарашада басталып, 2 желтоқсанға дейін жалғасады.

Талапкерлер тапсыратын пәндер тізімі таңдаған университетіне байланысты болады. Сондықтан әр оқу орнының қабылдау талаптарын алдын ала тексеру қажет.

CSCA емтиханы шетелдік студенттердің академиялық дайындығын бағалауға арналған. Оның енгізілуі Қытай университеттеріне түсетін талапкерлер үшін қабылдау рәсіміне қосымша кезең қосады.

Қытайда білім алуды жоспарлаған студенттерге емтиханның нақты пәндерін, тіркеу мерзімдерін және сертификатқа қойылатын талаптарды таңдаған оқу орнынан анықтау ұсынылады. 

Барлық жаңалықтар