Назым Қызайбай 20 миллион теңгелік сыйлығымен мақтанды

Назым Қызайбай 20 миллион теңгелік сыйлығымен мақтанды
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай қымбат көлігін көрсетіп, желіде мақтанып бөлісті. Әлем чемпионатынан ең көп алтын медаль иеленген қазақстандық боксшы әлеуметтік желіде видео репост жасады. Видеода әлем чемпионы Алуа Балкибекова Назымның көлігін мақтап тұр.
"Ва-а-ай, мына көлікке қараңдаршы! Назым броньды пленкамен жапқан. Керемет. Менің сүйікті түсім: хаки мен күлгіннің үйлесімі. Құтты болсын!", – дейді Алуа кадр сыртында.
Көліктің иесі кім екені мемлекеттік нөмірден де аңғарылады: 001NAZ деген нөмір Назымның ел тарихында үш мәрте әлем чемпионы атанған тұңғыш боксшы екенін білдіретіндей.  
Барлық жаңалықтар