Нұрлан имам сарбаздармен кездесіп, жиын өткізді

Нұрлан имам сарбаздармен кездесіп, жиын өткізді

Нұрлан имам сарбаздармен кездесіп, түрлі тақырыпта сөйлесіп, діни уағыз айтты деп жазады Democrat.kz.

"Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлері әскери институтының сарбаздарымен және оқу орталығына (полигон) жаңадан келген талапкерлермен кездесу болды.

Бұл еліміздің әскери тарихындағы ең алғашқы ұшырасуымыз. Отансүйгіштік, тәртіп, салт пен дәстүрді айта келе, лудомания, есірткі, теріс ағымдардың зияндығы кеңінен айтылды.

Құдай қаласа, осы отырған жеткіншек жастарымыз келешекте үлкен шенді, мундирлі абзал азаматтардан болады.

Осындай оқуға балаларын жіберіп табыстаған ата-аналарға алғысым шексіз!!! Кездесуді ұйымдастырған ҚР Қорғаныс министрлігіне ризалығымды білдіремін.

Ел тыныштығын күзеткен көздер, нағыз сауапты молынан алған азаматтар әрдайым аман болсын, әумин!" Деп жазды Нұрлан имам. 

Барлық жаңалықтар