Нұрлан Өнербаев «Таң Нұры» бағдарламасында «Анашым» әнін енді орындамайтынын айтты деп жазады Democrat.kz.
Оның айтуынша, бұл шешім 2023 жылы ресми түрде қабылданған.
«Автордың өз өтініші болды, сол себепті концерттерімде бұл әнді енді шырқамаймын. Кейде көрермен сұрағанда қысқаша қайырып айтып кететінім рас, бірақ енді ол менің репертуарымда жоқ», – деді өнер иесі.