Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі индустриалды және аграрлық сектордың даму қарқынын, ірі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысын тексерді деп жазады Democrat.kz.
Сапар барысында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талданып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Сапар қорытындысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары бірқатар нақты тапсырмалар берді. Олардың қатарында инвестициялық жобаларды қолдау және экспорттық әлеуетті кеңейту; индустриялық аймақ инфрақұрылымын дамыту; «Тобыл» логистикалық кешенін қаржыландыруды жеделдету; ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын жүзеге асыру; тұрғын үй құрылысын жеделдету және сапасын бақылау; жылыту маусымына дайындық жұмыстарын күшейту мәселелері бар.
Сонымен қатар энергетика, көлік және коммуналдық инфрақұрылым салаларындағы стратегиялық жобаларды уақытылы аяқтау міндеттелді.
Дереккөз: Үкімет