Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мемлекеттік сатып алулар кезінде отандық өнімге басымдық беру қажеттігін атап өтті. Үкімет жетекшісі қазақстандық өнімдердің баламалары бола тұра, импорттық тауарларды сатып алу мемлекеттің мүддесіне қайшы келетінін айтты деп хабарлайды Democrat.kz.
«Жалпы қарапайым сөзбен айтатын болсақ, біз бюджеттен қаражат бөлсек, оны игеретін компания қазақстандық болуы керек, ол ақшаға сатып алынатын материалдар, тауарлар қазақстандық болуы керек. Болды. Оп-оңай қағидат. Оны бәріміз ұстануымыз керек. Ал егер Қазақстанда қандай да бір тауар өндірілетін болса, біз oны сатып алмай, импорттап алып келетін болсақ, ол мемлекет мүддесіне қайшы келетін әрекет. Оны үзілді-кесілді айту керек. Үкімет мүшелеріне және өңір басшыларына айтатыным, ескеріңіздер»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.