«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығының баспанасын қалпына келтіру мәселесін ерекше бақылауда ұстап отыр. Солтүстік Қазақстан облысы қаладағы су басқан ықшам аудандардағы үйлердің құрылысын алғашқылардың бірі болып аяқтады. Біздің басты міндетіміз – зардап шеккендердің барлығын суық түскенге дейін үйлеріне көшіру», — деп атап өткен Олжас Бектенов әкімдікке іргелес аумақты абаттандыруды тапсырды.«Бірлік» ықшам ауданында барлығы 700 үй мен 90 орындық балабақша салынып жатыр. Жақында ғана отбасыларға қоныстану үшін 53 үйдің кілті берілді. Маусым айының соңына дейін тағы 47 үй беру жоспарланса, 600 үйдің құрылысы биылғы тамыз айының соңына дейін аяқталады. Бірлік ықшам ауданы қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген, топырақты жолдар салынып, серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды абаттандыру жүргізіліп жатыр. Салынып жатқан құрастырмалы-қалқанды үйлердің сапасы мен технологиясына ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда 100-ден астам учаскеде іргетас қаланып, конструкциялар құрастырыла бастады, сонымен қатар сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сапар барысында Олжас Бектенов қалпына келтіруге жататын үйлерді жөндеу жұмыстарымен танысты. Солтүстік Қазақстан облысы – су тасқыны салдарын жоюға механикаландырылған бригадалар тартылған жалғыз өңір. Мәселен, тек Ойқала ықшам ауданында 1 133 үй су басу аймағында болды, оның 309-ы жөндеуді қажет етеді. Жұмыстарды 24 мехбригада кезең-кезеңімен орындап жатыр, Петропавл бойынша барлығы 85 осындай құрама бар. Қазіргі таңда едендерді ауыстыру, қабырғаларды сылау, гипс қатырмасын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Үкімет басшысы меншік иелері өтемақы түрінде төленген қаражатқа өздері жөндеу жұмыстарын жүргізетін жеке тұрғын үйге барды. Олжас Бектенов Үкіметтің негізгі міндеті – барлық эвакуацияланған тұрғындарды өз үйлеріне қайтару екенін атап өтті, бүгінде 64 мың адам өз үйлерінде тұрып жатыр. Анықтама: Қазақстанның зардап шеккен өңірлерінде бүгінде 841 отбасы қираған тұрғын үйлерінің орнына жаңа үйлер мен пәтерлер алды. 1825 жаңа үй салынып жатыр. 4521 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Фото: ҚР Үкіметінің Ukimet ресми Telegram арнасы.
Олжас Бектенов СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үй салу жұмыстарын тексерді
-
Алматыда ұрланған көлік жаппай жол апатына түсіп, жарылыс қаупін туғызды16:30, 16 қыркүйек 2026
0
-
"Намысымды таптады": Ер кісі әйелін оқушылардың көзінше мектепте бауыздап тастады16:00, 16 қыркүйек 2026
60
-
Қазақстанда діни экстремизмді пайдаланған 22 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды15:30, 16 қыркүйек 2026
22
-
«700-ге жуық қате»: Мектеп оқулықтарын баспалар өз ақшасына қайта шығарады15:00, 16 қыркүйек 2026
74
-
Қазақстанда сенімсіз құрылыс компанияларының «қара тізімі» пайда болды14:30, 16 қыркүйек 2026
35
-
Ақмола облысының мұғалімдері үндеу жасап, биліктен көмек сұрады14:00, 16 қыркүйек 2026
145
-
Қазақстанда криптовалютамен QR арқылы тауар сатып алу мүмкіндігі іске қосылды13:30, 16 қыркүйек 2026
38
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?13:00, 16 қыркүйек 2026
224
-
Өндіру жеткіліксіз: Қазақстан өз мысынан қалай көбірек табыс таба алады12:31, 16 қыркүйек 2026
50
-
Қазақстанда ислам ипотекасын іске қосуға жол ашылды12:30, 16 қыркүйек 2026
56
-
"...жоғалтып алдық"деген Н.Назарбаев үлкен қайғысын жеткізді
17:00, 23 маусым 2026
11559
-
-
-
Бір топ азамат министр Сүлейменованың үстінен Президентке шағымданды
11:00, 03 шілде 2026
7614
-
Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды
16:00, 03 шілде 2026
7439
-
"Әйеліне әпермек болды": Тұңғышбай Жаманқұлов туралы масқара ақпарат шықты
15:00, 12 шілде 2026
7052
-
Назарбаевтың Дариға туралы айтқан құпия аудиосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)
15:00, 11 шілде 2026
6306
-
Экс министр Ғани Бейсембаевтың отбасы қара жамылды
11:00, 30 маусым 2026
6103
-
"Мейрамбекпен іштім, Қайраттың інісімен болдым" деген Жузи талайдың артын ашып жатыр
19:35, 13 маусым 2026
5714
-
"Жарығым сөнді": Нұрлан Өнербаевтың отбасы қара жамылды
22:22, 20 маусым 2026
4849