Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева кезекті бір сұхбатында өміріндегі кей кісілердің "кісілікке жатпайтын" әрекеттер жасағанын айтып, біраз ренішін білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Жалпы, соңғы уақытта өмірімдегі керексіз адамдар өздері кетіп, өмірім біраз тазарып қалды. Айналамдағы керексіз адамдар өздері менің өмірімнен кетті.
Тек әлеуметтік желі парақшасы үшін, жарнама үшін жүргендер айналамнан кетті. Ал шын мәнінде мені сыйлап, өзімді дос тұтатындар бұрын да бар еді, қазір де қасымда.
Кейде болып қалады, адамсың ғой. "Жан" деген театрдамын қазір. Сол жерде жігіттер "апай, сіз пәленшені танисыз ғой, жарнама ретінде спектакльды салып берсінші, сұрап көріңізші" деп өтінген.
Өте бір танымал, блогер ма, актриса ма, оқырманы көп кісіге "салып бересіз бе"деп өтініш жасадым. "Жарайды, Жұлдызай, Жәкем, Жәкем" деп салғанының скринін жіберген.
Жігіттер бір кезде келіп, "апай, анау кісі он бес минуттан кейін салғанын алып тастапты" дейді. "Салмаймын" дей салса, реніш болмас еді олай ұят тірлік жасамай.
Қазір өзім жаңа парақша аштым", деген актриса Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен осындай ыңғайсыз жағдайды айтып берді.