"Өнер қырандары" әзіл театрының әртісі Мэльс Жақыпберді концерттен кейін көрерменге білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Бүкіл концерттерімізде көрермен тек Данаға гүл береді. Дәп бір Дананың концерті сияқты. Өнер көрсетіп жатқан бізге ешкім ештеңе бермейтіні қалай?
Бізге де гүл болмаса да, ең болмаса, парфюм ба, бірдеңе берсеңіздер болады ғой?" деген Мэльс Жақыпберді қалжыңмен болса да, ниетін білдіріп қойды.
Актердің бұл видеосын көрген көрерменнің бірі келесі концертте оған арнап, иіссу мен ізгі тілегін жолдаған ашықхатын Данадан беріп жіберді.
"Көп рақмет! Сыйлығыңызды алдым" деген Мэльстен кейін Мадияр да "маған да лексус көлігін сыйлаңыздаршы" деп видео салды.