Оқу ағарту министрлігі шұғыл мәлімдеме жасап, өз шешімін жариялады

Оқу ағарту министрлігі шұғыл мәлімдеме жасап, өз шешімін жариялады

РФММ-дегі жаппай улану: Оқу-ағарту министрлігі шұғыл шаралар қабылдады

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебіндегі оқушылардың жаппай сырқаттануынан кейін Оқу-ағарту министрлігі іске араласты. Мектепте арнайы мониторингтік топ жұмысын бастап, білім беру ұйымының басшылығына нақты тапсырмалар берілді, деп жазады Democrat.kz.

Оқу-ағарту министрлігі Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде болған оқиғаға байланысты шұғыл шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта мектепте Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, тиісті аумақтық органдардың және «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының өкілдерінен құралған мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мектептің ас блогында санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталған. Осыған байланысты шектеу шаралары енгізіліп, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Оқу-ағарту министрлігі РФММ-нің Директорлар кеңесі мен Басқармасына оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға, санитариялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тиісті нұсқаулар берілді.

Оқушылардың денсаулығын қорғау және оқу үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Министрлік қазіргі басты міндеттердің қатарында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тексеру қорытындысына сәйкес қажетті шаралар қабылдау тұрғанын мәлімдеді.

Мектептегі жағдай Оқу-ағарту министрлігі мен тиісті мемлекеттік қызметтердің бақылауында. Тексеру жұмыстары Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

 

Барлық жаңалықтар